Мемлекет басшысы РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесу өткізді

Кездесу барысында тараптар қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сергей Шойгу «KADEX-2018» халықаралық көрмесінің маңыздылығына тоқталып, екі елдің қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мемлекетаралық байланыстарын нығайту үшін бұл шараның тиімділігін атап өтті.

 

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу