19 Қыркүйек 2026, 16:28
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің оңтүстік аймағында орын алған технологиялық ақаулардың себептерін тергеп-тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.
Онда Энергетика министрлігі мен «KEGOC» АҚ компаниясы бірінші басшыларының технологиялық ақаулардың себептерін тексеру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы есептері тыңдалды.
Энергетикалық жүйенің тұрақты жұмысын жетілдіру, мемлекетаралық түйісу тораптарында аварияға қарсы автоматиканың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
Басты назар тұтынушыларды энергиямен үздіксіз жабдықтауға, шекаралас мемлекеттермен жүйеаралық байланыстарды қамтамасыз етуге, Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3, «Түркістан» бу-газ қондырғысы және басқа да энергетикалық нысандардың маневрлік генерациясын дамытуға аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға технологиялық ақауды тексеру қорытындылары бойынша іс-шаралардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу