18 Наурыз 2017, 03:57
Ташкентте «ҚТЖ» АҚ» ҰҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ делегацияларының кездесуі аяқталды. Онда бастапқыда екі ел үкіметтері уағдаласқан № 1/2 «Алматы-Ташкент» халықаралық жүрдек пойызын шығару туралы келісімді жүзеге асырудың техникалық мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша төмендегі мәселелер пысықталып, шешімін тапты:
Наурыз мерекесінің қарсаңында жаңа тұрпаттағы кең кузовты «Тұлпар-Тальго» вагондарынан тұратын № 1/2 «Алматы-Ташкент» жүрдек пойызының жолға шығатынын естеріңізге саламыз.
Пойыз Алматыдан дүйсенбі мен сенбі күндері, ал Ташкенттен сейсенбі мен жексенбі күндерінде қатынайтын болады.
Жолда жүретін уақыты шамамен 16 сағат 30 минут. Аялдайтын бекеттері: Отар, Шу, Тараз, Шымкент, Сарыағаш және Ташкент.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу