ҚР ИЖТМ индустриалды-инновациялық қызмет субъектілері үшін өтеуді арттыруды жоспарлауда
ҚР ИЖТМ Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі («NADLoC») Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы Үкімет қаулысына енгізілген түзетулер аясында индустриалды-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындар бөлігін өтеу тізімін толықтыруға ниетті, деп хабарлады ведомствода.
«Өтеу тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін (халықаралық стандартарға – ISO, API, ASTM және т.б. сәйкес) сертификаттауға арналған шығындармен байланысты», - деп атап өтілген хабарламада.
Бүгінге дейін 7 қазақстандық компанияларды шығындары өтелді.
«Алайда, Қағидалармен бекітілген қызмет түрлерінің Тізіміне енбейтін бірқатар жергілікті тауарөндірушілер бар (мысалға, силикат кірпішінің, пластик құбырларының және т.б. өндірушілері). Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» қарсаңында осы Тізімге қонақүй бизнесі, қоғамдық тамақтану секілді қызмет түрлерін қосу мүмкіндігін қарастыру көзделуде», - деп түсіндірді агенттікте.
Сондай-ақ, шығындардың бір бөлігін өтеу механизмін жеңілдету мақсатында индустриалды-инновациялық қызмет субъектілерінің ұсынылатын құжаттар тізімін қысқарту жоспарлануда.Бағдарламаның уәкілетті органы – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
Операторы – «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ.
Сонымен, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттауға арналған шығындарды өтеу нысанындағы мемлекеттік қолдау. Шығындар жартылай өтеледі: тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттаумен байланысты консультациялық қызметтерге; тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттық аудиттен және сертификаттық сынақтан өткізуге; тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттаумен байланысты персоналдың біліктілігін арттыруға.
Шығындарды өтеу сомасы өтеуге ұсынылатын сомадан 50%, бірақ 3 000 АЕК көп емес.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз