Көлік және коммуникация министрлігі ҚР туристік нарығында чатрерлік тасымалдар мәселелері бойынша жұмыс тобын құруды ұсынды

Көлік және коммуникация министрлігі көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құруға бастама жасады, деп хабарланған ККМ-нің сайтында.

"Көлік және коммуникация министрлігінде ҚР туристік нарығында чартерлік тасымалды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Кеңес қортындысы бойынша авиация комитетіне көлік саласындағы нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды", - деп мәлімдеді ведомство. 

Қазіргі кезде Азаматтық авиация комитеті мүдделі мемлекеттік органдардан, Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, туристік ұйымдар мен авиакомпаниялардан комиссияға кіретін кандидатураларын күтуде.

«Жұмыс тобын құру туристік ұйымдар мен тасымалдаушылар жұмысындағы кездесетін сәйкессіздіктерді айқындауға көмектеседі. Көлік және коммуникация министрлігі өз құзырында халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмей қауіпсіз ұшуларды қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасап отырғанына ерекше көңіл аударып отыр», - деп Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов атап өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу