15 Наурыз 2018, 13:44
Мемлекет басшысы Түркіменстан Меджлисі комитетінің төрағасы Сердар Бердімұхамедовпен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстан Президентіне ізгі ниетін білдіріп, қызметіне зор табыс тіледі.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы екіжақты диалогты нығайту мен дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың жеке жолдауы табыс етілді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу