«ҚТО» мұнай құбырларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 2014 жылы 70 млрд теңге жұмсайды - Қ.Қабылдин

Қазақстанда мұнай құбыры желісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге «ҚазТрансОйл» (ҚТО) компаниясы 2014 жылы 70 млрд теңге жұмсайды, деп хабарады бүгін Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Қайыргелді Қабылдин.

«Жалпы біз  нысандарымыздың жұмыс жасауын қолдауға және қамтуға айтарлықтай капитал салымдарын жұмсаймыз. 2013 жылы капитал салымдарына жалпы компания бойынша 34 млрд теңге бағыттадық, 2014 жылы 70 млрд теңге бағыттаймыз», - деді Қ.Қабылдин. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда өндірілетін мұнайдың 60 пайызға жуығы ішкі және сыртқы нарыққа осы компания арқылы тасымалданады.  Компанияның резервтік паркі шамамен 1,5 млн текше метр мұнай тауарын сақтауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу