Балаларға арнап жазғы демалысты ұйымдастыруға қаржылай көмек көрсетуге 4 млрд астам теңге бөлінді

Бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысы барысында ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев хабарлады.

Үкімет отырысы аясында Е. Сағадиев лагерьлерде жазғы демалыспен 1 млн 655 мың баланы немесе 1-10 сынып оқушыларының жалпы санының 61,2% қамту жоспарланғанын баяндады. Каникул кезінде балаларға арнап түрлі іспен шұғылдану форматтары – секциялар, клубтар, үйірмелер, еңбек отрядтары және экскурсиялар қарастырылады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу