Ақмола облысында автожолдарды жөндеуге 2013 жылы 9 млрд астам теңге бөлінді – әкімдік
Автожолдарды жөндеуге Ақмола облысында 2013 жылы 9,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады өңір әкімдігінде.
«Елорда жанындағы елді мекендердің жолдарын дамытуға, Көкшетау мен Степногор, Бурабай мен Щучинск қалаларының, аудан орталықтарының тасжолдарын жөндеуден өткізуге 2013 жылы 9,3 млрд теңге бөлінді», -делінген хабарламада.
Әкімдіктің мәліметінше, мұндай қаржыландыру облыстың жолдарын жақсартуға мүмкіндік берді. Атқарылған жұмыс есебінен облысаралық жүк-жолаушылар ағыны артты, облыстың логистикалық секторы кеңейді. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындары құрылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз