ҚР-да автожолдар құрылысына 2016 жылы 100 мыңға жуық жұмысшы тарту жоспарланған

2016 жылы 100 мың жұмысшы еңбек ететін 2 мың шақырымға жуық жол құрылысы жүргізіледі деп жоспарлануда, деді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин «Еуразияның көліктік дәлізі: жаңа ынтымақтастық бағыт» атты екінші халықаралық конференцияда.

«2016 жылы Қазақстанда автожол саласында «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Батыс», «Орталық-Шығыс» бағыттары бойынша 9 жоба жұмыс істейтін болады. Жалпы, 100 мың жұмысшы еңбек ететін 2 мың шақырымға жуық жол құрылысы жүргізіледі деп жоспарлануда», - деп атап өтті ол.

Е.Қариннің айтуынша, ҚР Президенті Н.Назарбаев көлік-логистика инфроқұрылымы жаһандық тұрақсыздың кезінде экономикалық өсімге қызмет ететін негізгі бағыттардың бірі болатынын бекер айтып жүрген жоқ.

Сондықтан, осы жылдың ақпан айындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін қаржы қарастыру шешімі қабылданған болатын. Соның ішінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша инфроқұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері де бар.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу