Маңғыстау облысында соңғы 2 жылда жаңа жолдар салу мен жөндеуге 16,5 млрд теңге бөлінді - әкім
Маңғыстау облысында соңғы 2 жылда жаңа жолдар салу мен жөндеуге 16,5 млрд теңге бөлінді, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.
«2014 жылдан бері жолдарды жөндеуге және жергілікті маңызға ие жаңа жолдар салуға айтарлықтай назар аударылып келеді. Мәселен, соңғы екі жыл ішінде жол жөндеу мен жаңа жолдар салуға бюджеттен 16,5 млрд теңге бөлінді», - деді облыс әкімі.
Келтірілген мәліметтерге қарағанда, жалпы өңірде 2013 жылы жолдардың 36 пайызы сапасыз болса, 2014 жылы бұл 33 пайызды құрады. Сонымен қатар, 2012 жылы жол жөндеу мен салуға 2,5 млрд. теңге бөлінсе, жылы - 3,5 млрд. теңге, 2014 жылы - 8,5 млрд. теңге, ал 2015 жылы 8 млрд. теңге бөлінген.
«Бөлінген қаражаттың тиімділігі айтарлықтай - жолдардың сапасы бойынша қанағаттанарлық деңгейге жеткені 24,5 пайызды құрады. Егер 2012 жылы автожолдардың 40 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 16 пайызға дейін төмендеді», - деді Алик Айдарбаев.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз