Ықпалдастық мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысында ЕЭК және ТМД ҮБК отырысының күн тәртібі талқыланды

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ықпалдастық мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді.

Кездесу барысында 28 мамырда Астанада өту жоспарланған Еуразиялық экономикалық комиссия отырысының күн тәртібі талқыланды.

Сонымен бірге, 29 мамырда Бурабайда өтетін Еуразия үкіметаралық кеңесі мен ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырыстарының күн тәртібі қаралды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу