13 Наурыз 2017, 09:21
Ертең, сағат 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібінде - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында денсаулық сақтау, экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу