16 мамырда Үкімет отырысында 2017 жылдың 4 айындағы экономикалық өсу қарқыны талқыланады

Сейсенбі күні, 16 мамырда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – 2017 жылдың 4 айындағы экономикалық өсу қарқыны, ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның іске асырылу барысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және Facebook, Вконтакте, Twitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу