17 Сәуір 2017, 06:02
Ертең, 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің селекторлық режимдегі кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібінде – 2017 жылғы 1 тоқсандағы ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы және республикалық бюджеттің атқарылуы қорытындылары.
Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.
Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу