23 мамырда Үкімет отырысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәселелері қаралады

Сейсенбі күні, 23 мамырда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы; каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру; сондай-ақ мұрағат ісі мәселелері бойынша және коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы заң жобалары.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және Facebook, Вконтакте, Twitter және Periscope әлеуметтік желілерінен қараңыздар.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаевтың және ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А. Нүкеновтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу