31 Қаңтар 2017, 05:58
Бүгін сағат 15:00-де Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібінде – Мемлекет басшысының 2017 жылғы Жолдауын іске асыру шаралары.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу