08 Шілде 2016, 17:22
Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысы барысында әкімдіктердің мал қорымдарын күтіп ұстау бойынша жұмысындағы кемшіліктер анықталды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді.
Оның айтуынша, сібір жарасы қорымдарының 702 пунктінің қажетті қоршауы немесе айырым белгісі жоқ.
«Мәселен, мұндай пункттер Павлодар облысында - 86, Батыс Қазақстан облысында - 84», – деп нақтылады вице-министр.
Г. Исаева әкімдіктер мұндай қорымдардың жай-күйін тиісті деңгейде ұстап тұру бағытындағы жұмыстарды жүргізуге міндетті екендігін еске салды.
«Бұл мақсаттарға республика бойынша 1,6 млрд теңге қажет, соңғы екі жылда қажетті соманың не бары 22 % бөлінді», – деп есеп берді Г. Исаева.
ҚР АШМ вице-министрі республика бойынша мал қорымдарының көбісінің сапасына қатысты сын айтты. Сонымен, оның айтуынша, ағымдағы жылдың соңында жүргізілетін тексеруде көптеген мал қорымдарының қоршаулары жоқ екені анықталды.
«Қарағанды және Ақмола облыстарында – не қоршауы, не айырым белгісі жоқ. СҚО-да айырым белгісі бар мал қорымдары бар, алайда олар ағаш құрылымнан жасалған, ал оның орнына бетон саркофаг қажет», – деп атап өтті ол.
Барлығы, оның мәліметінше, республикада 3298 мал қорымы бар, оның 2 546-сы қарапайым құрылымдардан жасалған.
«Мал қорымдарының күтіміне барлығы 1,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. 188 млн теңге жергілікті бюджеттен жергілікті бюджеттен қарастырылған, ал Алматы облысында өткен және ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылған жоқ», – деп баса айтты ол.
Мал қорымдарына талаптар ветеринарлық-санитарлық ережелермен анықталған. Вице-министр мәлімдегендей, үлгілік мал қорымында қоршау, шатыр және қақпа болуы тиіс.
«Республикадағы мал қорымдарының 77 пайызы қарапайым құрылыстарға қойылатын талаптарға сай емес», – деп түйіндеді ол.
Естеріңізге салсақ, өткен аптада ҚР Үкіметі отырысы барысында К. Мәсімов Ауыл шаруашылығы министрлігіне ветеринарлық бақылауды күшейтуді, сондай-ақ мал қорымдарын күзетуді ретке келтіруді тапсырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу