«Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингі ДК отырысында қорды трансформациялау бағдарламасы мақұлданды

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі Астанада ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың төрағалығымен өткен мәжілісте трансформация бағдарламасын мақұлдады, деп акционерлік қоғамның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында ел Президенті әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену туралы нақты мақсатымызды белгілеп берді. Осы мақсатқа жету жолында «Самұрық-Қазына» АҚ, Қазақстанның ірі компанияларын басқарушы холдинг ретінде ерекше рөл атқарады. Осы міндет ауқымында холдингтегі бизнесті жүргізу тәсілін қайта қарау мен бүгінгі Трансформация бағдарламасын табысты жүзеге асыру біздің жұмысымызды жүйелендіре түспек», - деп атап өтті Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Бағдарлама негізгі үш мақсатты іске асыруды көздейді: қолдағы активтердің құнын арттыру, портфельді оңтайландыру және корпоративтік басқаруды жетілдіру.

Активтер құнын арттыру мақсатында бизнес-үрдістерге реинжиниринг жасау, портфельді компаниялар қызметі мен олардың стратегиясын қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша қайта қарау маңызды. Портфельді оңтайландыру компаниялардың заңдық құрылымдарын қайта жасақтап, негізгі емес активтер мен әлеуметтік жобаларды портфельден шығаруды, Портфельді компаниялар арасындағы қаржыны, кіріс пен тәуекелді ескере отырып, қайта бөлетін белсенді инвестициялаудың жаңа тәсілін енгізуді мақсат етеді.

Биылғы жылы трансформация үдерісі бірқатар бағыттар бойынша басталып та кетті, оның ішінде Қор мен үш ірі портфельді компания - «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Қазпошта» АҚ бар.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу