Ұлттық банк Үкіметпен бірге экономиканы дедолларлау бағдарламасын жасауға мүдделі
Қазақстанның Ұлттық банкі Үкіметпен бірге экономиканы дедолларландыру бағдарламасын әзірлеуді жоспарлап отыр, деп хабарлады бүгін ҚР ҰБ төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ брифингінде.
«Біз Үкіметпен бірге экономиканы дедолларландыру бағдарламасын жасамақшымыз», - деді Қ. Келімбетов.
Республикамыздың Ұлттық банкі төрағасының пікірінше, қазақстандықтар «жоғары долларланған түсінікке» ие. Сөзінің дәлелі ретінде, ол статистика мәліметін келтірді, еліміздегі халықтың 45% пайызы өз жинақтарын шетелдік валютада ұстайды.
«Ресейдің өзін алсақ, егер пәтеріңіз қанша тұрады деп сұрасаңыз, олар рубльмен жауап қайтарады. Біз жалақыны теңгемен алсақ та, салықты теңгемен төлесек те, теңгемен шығын жасасақ та, калькулятор жұмыс жасайды, бірақ біз оны долларға аударамыз», - деп атап өтті ол.
Қ.Келімбетовтің айтуынша, экономиканы долларландыру отандық өндірісті дамытып, жеке өнім көлемдері өскенде ғана азаятын болады.
Сонымен қатар, Ұлттық банк басшысы халықты ұлттық валютадағы банк жинақтарын конверсияламауға шақырды, өйткені оның пікірінше, «теңгедегі депозиттер доллардағыға қарағанда әлдеқайда тиімді».
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз