ҚР-да азық-түлік қауіпсіздігі тұжырымдамасын әзірлеу қажет - С.Плотников
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі тұжырымдамасын дайындау қажет, деді ОКҚ брифингінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Плотников.
«Азық-түлік қауіпсіздігі құжаттарын дайындауда проблемалар туындайды, демек ҚР азық-түлік қауіпсіздігі тұжырымдамасын дайындау қажет», - деді С.Плотников.
Оның айтуынша, оның аясында өзекті мәселелер талқыланады. Халықтың азық-түлікке кедендік және тарифтік реттеу тиімділігін қамтамасыз ету, өндірістік азық-түлік сапасын қамтамасыз етуді қарастырады. Кешенді шараларды жүзеге асыру елдің ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда толық кешенді шаралар бар, олар ел ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
«Бұл тек қана агроөндірістік кешенмен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен байланысты емес, бұл жерде кешенді шараларды шешу қажет. Бұл Инвестициялар және даму министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, қаржылық және бюджеттік институттар бұлардың бәрі азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыруға ат салысады», - деп мәлімдеді ол.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз