ҰКП бизнесті қолдау үшін екі қаржылай емес компонент әзірледі

2016-шы жылдан бастап, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті қолдау үшін екі қаржылай емес компонент енгізді, олар - іскерлік байланыс және үлкен сеньорлар, деп хабарлады «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов ОКҚ өткен баспасөз конференциясында.

«Қазақстанда кәсіпкерлікке қолдау көрсететін 10 бағдарлама жұмыс істейді. Солардың ішіндегі тиімдісі «Бизнестің жол картасы - 2020». Аталмыш мемлекеттік бағдарламаның аясында екі компонент бар. Қаржылай және қаржылай емес. Қаржылай компонент «Даму» қоры кәсіпкерлікті дамыту. Қаржылай емес компонент «Атамекен» ҰКП. Қаржылай емес компонент аясында бірнеше қызмет түрі бар. Солардың бірі – бұл қызмет көрсету. Яғни, кәсіпкерлер қызметтің бірнеше түрін пайдалана алады. Мысалы, заңгерлік қызмет, бухгалтерлік есеп, кедендік қызмет, мемлекеттік сатып алуға қатысу, бизнес - жоспарды жетілдіру, IT-технология сияқты салалар мен қызмет түрлері көрсетіледі. Мұның барлығы бизнеске қолдау болып есептеледі. Бизнес білімнің өзі үшке бөлінеді: бизнес-кеңесші, бизнес-өсу, жобалық білім», - деді Т.Шотанов.

Оның айтуынша, биылдан бастап «Атамекен» ҰКП бизнесті қолдау үшін екі қаржылай емес компонент енгізді. Олар - іскерлік байланыс және үлкен сеньорлар.

«Іскерлік байланыс – бұл біздің кәсіпкерлерді шетелдің үздіктерімен тәжірибе алмастыруды ұйымдастыру. Үлкен сеньсорлар – бұл керісінше сирек мамандандырылған тәжірибелі мамандарды біздің кәсіпкерлерге тәжірибелерін көрсету үшін Қазақстанға тарту», - деп түсіндірді төраға орынбасары.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу