Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түркіменстанға келді

Қазақстан Президенті Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысу үшін Түркіменбашы қаласына келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысуы, Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуі жоспарланып отыр.

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу