Маңғыстау облысында өндірілген өнеркәсіп өнімі 1,6 трлн теңгеге жетті - әкім

Жағымсыз экономикалық конъюнктураларға қарамастан Маңғыстау облысында макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер өсімге ие болып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев осылай мәлім етті.

«Былтырғы жылы өңірімізде өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1,6 трлн теңгені құрады. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 4 пайызға төмен көрсеткіш», - дейді облыс басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда, мұнай-газ өндіруші және мұнайсервистік кәсіпорындар еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыруға бағыт алған.

«Негізгі капиталға салатын инвестиция көлемі 454 млрд. теңгені құрады. Кәсіпорындар штаттық тәртіпке сәйкес жұмыс жасайды. Өткен жылы өндіріс үдерісі тұрақтылығын сақтау мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы жасалған 620 Меморандумның нәтижесінде, экономиканың әр түрлі секторында жұмыс жасайтын 105 мың қызметшінің мүдделері қорғалды. 2016 жылдың алғашқы айының өзінде өңірдегі ірі мұнайгазөндіруші кәсіпорындармен үшжақты 16 Меморандум жасалды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады, - деді облыс әкімі Алик Айдарбаев.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу