ҚР-да өнеркәсіптік өндіріс көлемі 0,3%-ға өсті - ҚР ҰЭМ
Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар-сәуірінде өнеркәсіптік өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға өсті, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінде.
«2015 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 4515,7 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 0,3% артық», - делінген хабарламада.
Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,6%, өңдеу өнеркәсібінде 0,4% артты.
2015 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 349,1 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 2,9% артты.
2015 жылғы қаңтар-сәуірде «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 106,9%-ды құрды. 2015 жылғы қаңтар-сәуірде жүк айналымының көлемі 156,9 млрд. ткм құрап, 2014 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,1% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 80,1 млрд. жкм құрап, 3,7% артты.
2015 жылғы қаңтар-сәуірде «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 105,5%-ды құрды. 2015 жылғы қаңтар-сәуірде «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 102,7%-ды құрды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз