04 Сәуір 2017, 05:15
Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының директоры Азат Шауеев хабарлады.
«Мемлекеттік тілід дамыту қоры» үкіметтік емес ұйымы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылдың соңында қазақ тілінің қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында құрылды. Тілдерді дамыту мемлекеттік саясаттың басты бағыттары болғандықтан, Қор ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту комитетімен бірге белсенді жұмыс жасайды.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Қор тілді оқитындардың мүдделері мен сұраныстарына негізделген және оқытудың жаңа әдістемесі бойынша жүзеге асырылған жобаларды жүзеге асырады.
Қордың негізгі міндеттері мемлекеттік тілді дамыту - интернет кеңістіктің қазақ тілді контентін дамыту арқылы мемлекеттік тілді насихаттау және оқыту, қашықтықтан оқытуды дамыту, отандық өнімдердің санын арттыру.
«Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында, ІТ-саланы, 3D-принтингті, білім беру саласындағы онлайн-, мобильдік және цифрлық қызмет көрсетуді және басқа да перспективалы салаларды дамытуды, атап айтқанда жастар арасында патриоттарды тәрбиелеу және ІТ-білім беруді қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Ол үшін ҮЕҰ тарту керек. Сол себепті, Қор жүзеге асырған негізгі жобалар аталған міндеттерді орындауға бағытталған», – деп түйіндеді А. Шауеев.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу