Маңғыстау облысынан 2015 жылы мемлекеттік қазынаға 600 млрд жуық теңге салық түсті
2015 жылы мемлекет қазынасына 600 млрд теңгеге жуық салықтар мен төлемдердің түсуі қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Маңғыстау облысының Мемлекеттік кірістер департаменті.
Департамент хабарламасында айтып өтілгендей, бюджетке түсімдерге қатысты жоспарды орындау бойынша болжамдық міндеттер толығымен атқарылды.
«Жалпы әлемдегі экономиканың баяулауы және өндіріс көлемінің қысқаруы жағдайында мұндай жетістіктерге жету көбіне қосымша қорларды анықтау, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл және кедендік баж салықтары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыспен байланысты», - деп баса айтылған баспасөз хабарламасында.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз