15 Шілде 2025, 16:05
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында журналистерге нақты секторға қаражат салуға ынталандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.
#Серік Жұманғарин #Экономика«Біріншіден жаңа салық кодексінің ішінде корпоративті табыс салығына дифференциация жасадық. Енді банктер тұтынушы секторға несиелер берсе, КТС 25% болады. Нақты секторға несие берсе 20%. Бұл нақты секторға қаражат салуға ынталандырады. Екінші мәселе жаңа салық кодексінде барлық облигацияларға 10% салық салынады. Ал «Бәйтерек» холдингі шығаратын облигацияларды 2031 жылға дейін салықтан босаттық. Себебі «Бәйтерек» холдингінің басты мақсаты – нақты секторға салынады. Қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске арналған «Өрлеу» деген жаңа бағдарлама ашылды. Оны дамытуға нақты секторларға, өндіріс секторларына «Даму» қоры 300 млрд салды. Банктер 450 млрд салды. Ставкасының деңгей - 12,6 пайыз. Сонымен қатар екі кепілдік қоры ашылды. Барлығы қазіргі уақытта Даму қорында орналасқан. Бүгінде 107,5 млрд теңгені құрайтын 784 жоба қолдау тапты. Оның ішінде 60 млрд теңгеге кепілдік берілді. Аталған бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», - деді вице-премьер Серік Жұманғарин.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу