Салушы мен мемлекеттік органдардың нысан сапасына жауапкершілігі ҚР-да енгізіледі - ӨДМ

Қазақстанда құрылыс нысандарын пайдалануға беру кезіндегі мемлекеттік қабылдаудың жаңа тәртібі енгізіледі, деп мәлімдеді бүгін ҚР өңірлік даму министрі Болат Жәмішев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

«Депутаттардың бастамасымен заң жобасы дайындалды. Соған сай қазіргі таңдағы қолданыстағы мемлекеттік қабылдау заңнамасын жаңадан қабылданатын құрылыс нысандарын пайдалануға беру кезіндегі мемлекеттік қабылдаудың жаңа тәртіптері алмастыратын болады», - дейді Б.Жәмішев.

Оның айтуынша, бұл жүйе ұжымдық жауапкершіліктің жоқтығынан хабар береді. Ал нысанды пайдалануға беруге дейінгі құрылыс барысына жауапкершілікті арқаламайды.

Нысанды пайдалануға берудегі мемлекеттік қабылдаудың аталмыш тетігі әкімшілік кедергілерді азайтып, жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік бермек.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу