ҚР Тұңғыш Президенті М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижанды қабылдады

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Кездесу барысында Уәлихан Қалижан Нұрсұлтан Назарбаевқа институттың қазіргі ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде мәлімдеді.

Елбасы академиктің төл әдебиетіміз бен өнерімізді дамытуға зор еңбек сіңіргенін атап өтіп, Қазақстанды өркендету жолындағы табысты жұмысына алғыс білдірді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу