19 Шілде 2016, 13:21
ҚР Үкіметінің отырысы аясында көтерілетін бірінші мәселе Алматыдағы жағдай болмақ.Бұл туралы өзінің твиттердегі аккаунтында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов хабарлады."Бүгін Үкімет отырысын өткіземін.Бірінші мәселе ретінде Алматыдағы жағдайды тыңдаймын" деп жазды К.Мәсімов твиттердегі аккаунтында.
Еске салайық, кеше Алматыда террористік акт орын алды. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Құлықбаев болып шықты.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, азаматтарды ақпараттық кеңістіктегі арандатушылықтарға сенбеуге шақырды. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Президенті қаладағы жағдайды тұрақтандыру және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Алматыға ұшып, шұғыл баспасөз мәслихатын өткізді. Министр төрт бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу