Қазақстанның геология саласының 77қызметкеріне құрмет атақтары тағайындалды
Бүгін Астанада Геологтар күні кәсіби мерекесіне орай өткен жиын барысында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев саланың үздік 77 маманына құрмет атақтарын тағайындады, деп хабарлайды ҚР ИДМ-де.
«77 геолог «Қазақстан Республикасының құрметті кен барлаушысы», «Қазақстан Республикасының кен барлау ісінің үздігі» және «Қазақстан Республикасында кен орындарын алғаш ашушы» аталымдары бойынша марапатталды», - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, 182 кеншіге алғыс хаттар, грамоталар мен басқа да наградалар табыс етілді.
Атап айтқанда, кеншілер «Қазақстан Республикасының құрметті кен барлаушысы», «Қазақстан Республикасының кен барлау ісінің үздігі» және «Қазақстан Республикасында кен орындарын алғаш ашушы» аталымдары бойынша марапаттарға ие болды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз