Қазақстанның өңірлерінде кәсіпкерлік ахуал зерттелді, деп хабарлайды«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Атап айтқанда, ҰКП-да хабарлағандай, өңірлер көлемінде бизнес ашу бойынша тұрғындардың әлеуетін талдау жүргізілді. Оған сәйкес өз ісін ашуға берік ниет білдірген еңбекке қабілетті тұрғындар саны бойынша көшбасшы-өңірлер қатарына Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Ақтөбе және Қарағанды облыстары кірді.
«Қазақстанның дәл осы ірі агломерация орталықтары Қазақстанның даму стратегиялық бағдарламасында өсімнің негізгі нүктелері ретінде белгіленген және олар әлеуетті кәсіпкерлер қатарында көшбасшыға айналды. Аталған жайт агломерацияларды өсімнің негізгі драйверлері және кәсіпкерлік бастамаларды дамытудың орталықтары ретінде нүктелі дамытудың негізділігін және мақсаттылығын тағы бір рет дәлелдейді», - делінген Ұлттық палата таратқан хабарламада.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік ниеттің орташа көрсеткіштері тобына республиканың ірі қалалары – Астана мен Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары кірді.
Кәсіпкерлік ниеттің орташа деңгейлі тобы өңірлердің саны жағынан басым тұрғанын атап айту керек. ҚР өңірлерінің жартысынан астамы осы категорияға кірді. Аталған топтың сан жағынан басымдығы елдегі жеке кәсіпкерлік бастаманы дамытудың шамамен біркелкі екендігін дәлелдейді.
Аутсайдерлер тобына Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары кірді. Бұл өңірлерде кәсіпкерлік ниет деңгейі 3%-дық көрсеткіштен аспады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз