ҚР Үкіметі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша заң жобасын бекітті

Бүгін Үкімет отырысында ауыл әкімдерін таңдаулылық мәселелері қарастырылған ҚР жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша заң жобасы бекітілді. 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулерді енгізу жолымен ауыл халқының жиналыстарын, жиындарын қалыптастыру, өткізу және құзыреттерін реттеуде жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде ауылдардың (селолардың), кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың халқының рөлін арттыруға бағытталған», - деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев құжат жобасын ұсына отырып.
 
Оның айтуынша, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаланың және Қазақстан Республикасы астанасының маслихаттарына қала әкімнің халықпен өзара әрекеттесуі үшін қоғамдық құрылымдар құру құзыреттерін беру бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулерді енгізу жолымен қалалардың халқын ең өзекті мәселелерді шешуде басқарушылық шешімдерді қабылдау үрдісіне белсене араластыру тетігі енгізіледі.
 
 
«ҚР Президенті белгілеген тәртіппен маслихат депутаттарының аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық және кенттік округтардың әкімдерін сайлау жөніндегі норманы енгізу бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулерді енгізу жолымен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық және кенттік округтардың әкімдерін тағайындау немесе сайлау кезінде маслихаттардың ролін арттыру көзделген», - деп толықтырды бірінші вице-премьер. 
 
                             
 
Заңжобасымен жергілікті маңыздағы мәселелерді шешуде басқарудың төменгі деңгейіндегі әкімдердің қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейту қарастырылған. 

Б.Сағынтаев атап өткендей, заңжобасы аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдық (селолық) округтардың әкімдеріне кіріс көздерін қалыптастыру, жергілікті қоғамдастықтың жиналысымен келістіргеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың қаражаттарының түсімдері мен шығыстарының жоспарын бекіту, бюджетті атқару бойынша уәкілетті органда қолма-қол ақшаның бақылау есеп-шотын ашу, берілген коммуналдық меншікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (арендаға) ұсыну және басқалар бойынша қосымша құзыреттер береді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу