Үкімет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексіне түзетулер енгізу туралы заң жобасын қабылдады

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.

ҚР әділет министрі М. Бекетаевтың айтуынша, түзетулер заңнаманы ізгілендіруге бағытталған және әкімшілік құқық бұзушылықты жазалау шараларын жеңілдететін нормалардан тұрады. Заң жобасы бойынша БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ өңірлік семинарлар мен қоғамдық тыңдаулар кезінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шара қорытындысы бойынша заң жобасы қабылданып, ҚР Парламентіне қарауға жіберілді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу