ҰКП-да құрылыс саласындағы импорттың орнын алмастыру бойынша ұсыныстар әзірленеді
Таяу арада ҚР ҰКП құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитеті құрылыс материалдарын өндіру саласындағы импорттың орнын толтыру бойынша ұсынысын жасайды, деп хабарлайды «Атамекен» ҰКП-да.
«Атамекен» төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен ҚР ҰКП құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитетінің есептік жиналысында құрылыс материалдарын өндіру саласындағы импорттың орнын толтыру мәселелері талқыланды.
«Құрылыс көлемі және қозғалысы жаман емес, бірақ ішкі нарықты қамтамасыз етіп, сыртқыға шығу үшін, қолда бар өндіріс айналымын арттырып, жаңаларын іске қосу керек. Көршілес елдермен бәсекелесу қиын, алайда онсыз болмайды. Бәсекелестік – бұл дамуға түрткі. Мұнда негізгі үш фактор маңызды: өндірісте тек жаңа технологияларды қолдану, мықты маркетинг және мемлекеттік қолдау», - деп атады Тимур Құлыбаев.
Ұлттық палата басшысы Қазақстандағы құрылыс саласы үшін ең өзекті материалдар мен жабдықтарды шығару бойынша зерттеу жүргізуді тапсырды.
Өз кезегінде, Комитет жақын арада отанымызда өндірілетін құрылыс материалдарының импорттың орнын алмастыруы жөніндегі ұсыныстарын таныстырады.
Сондай-ақ, жиында келесідей мәліметтер келтірілді, соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы өсім көрсетіп отыр: 2013 жылы республикада 6 843 млн шаршы метр салынса, 2014 жылы 7 518 млн шаршы метр, ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 8 940 млн шаршы метр шамасына жетіп отыр. Биылғы жылы, EXPO-2017 нысанарының көлемді құрылысын ескере отырғанда, көрсеткіштер былтырғы жылдан төмен болмайтын сияқты.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз