Премьер-Министр К.Мәсімов Грузияның вице-премьері Д.Кумсишвилимен кездесу өткізді
Бүгін Үкімет Үйінде Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Грузия Премьер-Министрінің орынбасары, экономика және тұрақты даму министрі Дмитрий Кумсишвилимен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және тереңдету, өзара тауар айналымы көлемін арттыру, екі елдің іскерлік топтарының арасындағы байланыстарды жандандыру перспективаларын талқылады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз