Премьер-Министр Олжас Бектеновтің Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Аяулы аналар!

Қымбатты арулар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел отбасының берекесі ғана емес, ол – барша тіршілік атаулының тірегі. Халқымыз ақ жаулықты аналарымыз бен сүйікті аруларымызды «ақ бесіктің иесі, шаңырақтың киесі» деп әркез аялап өткен. Рухы мықты, білімді, еңбекқор ұлттың болашағы да, бірінші кезекте киелі Ана атымен тікелей байланысты. 

Бүгінде әйелдер қауымы кемел ұрпақ тәрбиелеп, отбасылық құндылықтарды ұлықтаумен бірге, экономиканың барлық саласының дамуына да елеулі үлес қосып келеді. Ендеше, еңселі елдігімізді тербетіп, жанкешті еңбектің үлгісін көрсетіп отырған аналарымызға тағзым ету біздің бәріміздің қастерлі парызымыз болып қала бермек. 

Ізгілік пен әсемдіктің береке-бастауы болған осынау шуақты мереке баршаңыздың жүректеріңізге жылу сыйласын. 

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін. 

Мерекелеріңіз құтты болсын!

  

Ізгі ниетпен, 

ҚР Премьер-Министрі                Олжас Бектенов

#Олжас Бектенов #ҚР Премьер-Министрі

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу