ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Тоталь» компаниясының басшылығымен алдағы ынтымақтастық келешегін талқылады

Бүгін Шетел инвесторлары кеңесінің 30-шы пленарлық отырысының қарсаңында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Континенталды Еуропа елдері мен Каспий бойынша «Тоталь Барлау және Өндіру» компаниясының вице-президенті Бернар Клемонмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Тоталь» компаниясының Солтүстік Каспий жобасын іске асыру және Қашаған кен орнын пайдалану кезінде өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Бұдан өзге, алдағы ынтымақтастық келешегі, соның ішінде алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге және «Жаңғырту 3.0» аясында Қазақстан аумағында жаңа өндірістерді ұйымдастыруға ықпал ететін бірлескен компанияларды құру мәселелері қаралды.

Анықтама:

«Тоталь» - кен орындарын игерумен, мұнай және газ өндірумен, мұнай өңдеу мен синтездеудің әр түрімен айналысатын, көптеген химиялық өнімдер шығаратын әлемдегі ең ірі мұнай-газ компанияларының бірі.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу