Бақытжан Сағынтаев әкімдерге азаматтардың алдындағы есептеріне жауапкершілікпен қарауды тапсырды

ҚР Үкіметі барысында, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әкімдер мен министрлерге алдағы Қазақстан азаматтары алдындағы есептерге мұқият дайындалуды тапсырды.

Премьер-Министр Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, биылғы жылдың 15 ақпанынан бастап өңір әкімдерінің халық алдындағы есеп беру жұмыстары басталатынын еске салды. Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының берген тапсырмалары мен сыни ескертпелерінің басым бөлігі әкімдердің жұмыстарына да қатысты екенін атап өтті. Сол себепті, есеп берулер кезінде осы мәселелерді көтеріп, түсіндіріп, олардың шешілу жолдары туралы халыққа ақпарат беру керек.

«Бұдан өзге, сіздің өңірдің тұрғындарын мазалап жүрген өзекті мәселелер де қаралуы тиіс. Мұнда ресми тәсіл болмауы керек», - деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, Премьер-Министр алдағы әкімдердің есеп беруіне министрлердің де қатысатынын айтып өтті.

«Министрлер де аталған есептерге дайындалуы керек, өңірлердегі бағдарламалық құжаттардың орындалуына талдау жасап, ағымдағы жағдайды біліп, артта қалып келе жатқан бағыттардың жұмыстарын күшейту шараларын ұсынуы қажет. Сіздердің қатысу қорытындыларыңыз бойынша, құрметті министрлер, маған есеп бересіздер», - деді Б. Сағынтаев.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу