ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев білім беру саласына ұсынылып жатқан ІТ жаңалықтарды қоғаммен талқылауды тапсырды

Білім беру саласындағы перспективті ІТ жобалар талқыланған Үкімет отырысы барысында, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ауқымды қоғамдық талқылаулар жүргізіп, ұсынылған жүйелердің кемшіліктерін жою шараларын қабылдауды тапсырды.

Отырыс барысында ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиев білім берудің барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерін – Ұлттық білім беру деректері базасы, электронды күнделік, жинақ бухгалтерия және ЖОО-лардың бірыңғай ақпараттық жүйесін біріктіру жоспарланған 4 электронды платформаны таныстырды.

Сонымен қатар, білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу мәселесі бойынша министрлер мен Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері сөз сөйледі.

ҚР Премьер-Министрі  Бақытжан Сағынтаев барлық ұсынылып жатқан жаңалықтар егжей-тегжейлі пысықтауды және педагогика мен ата-аналар қоғамының арасында кеңінен талқылау жүргізуді талап ететінін атап өтті.

Министрлер мен әкімдердің баяндамаларының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев білім және ғылым министрлігіне жағдайға талдау жасап, жүйенің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына енуіне қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу