14 Наурыз 2017, 05:47
ҚР Үкіметі отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев уәкілетті органдарға әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның өте елеулі реформа – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді іске қосу кезеңінде тұрғанын айтты. Ол әрбір қазақстандыққа қатысты, сол себепті де бұл жерде денсаулық сақтау саласы тарапынан да, жұмыс берушілер тарапынан да жұмысты мұқият атқару керек.
Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын ауқымды түрде жүргізуді тапсырды, алайда дәл қазіргі сәтте ол жеткіліксіз деңгейде тұр.
«Талдау жұмысы жүргізіліп жатқан кездесулер халықтың аз бөлігін ғана қамтып жатқанын көрсетеді. Сол себепті де Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдер күш-жігерді түсіндіру жұмыстарына шоғырландырып, жүргізіліп жатқан реформаның негіздерін қарапайым тілмен халыққа түсіндіре алатын беделді сарапшыларды тартуы керек», - деді Б. Сағынтаев.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу