ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Сауд Арабиясының министрі Халид Әл-Фалихпен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Сауд Арабиясы Корольдігінің энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі  Халид Әл-Фалихпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екіжақты экономикалық ынтымақтастық және Қазақстанда энергетика, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт пайдалану мәселелері талқыланды. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу