ҚР Премьер-Министрі үстіміздегі аптада жұмыс сапарымен Павлодар облысына барады
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов 14 маусымда жұмыс сапарымен Павлодар облысына барады, онда агроөнеркәсіптік кешен саласындағы негізгі тапсырмалардың орындалу барысымен танысады, деп хабарлады Орталық коммуникциялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.
"14 маусымда Премьер-Министр Серік Ахметов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барады, онда агроөнеркәсіптік кешен саласындағы негізгі тапсырмалардың орындалу барысымен және бірқатар өнеркәсіптік нысандармен танысады», - деді А.Әбибуллаев.
Сонымен қатар, ол жұмыс сапарының қортындысы Павлодар облысының облыстық әкімдігіндегі қортынды жиналыста жасалатынын атап өтті.
Бұдан өзге, 14 маусым күні Серік Ахметов Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысына қатысады, онда 2012 жылдың қортындысы бойынша республикалық бюджеттің орындалуы туралы Үкімет пен Қазақстанның есеп палатасының есептері қаралады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз