15 Қаңтар 2013, 04:32
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов Тіркеу құжатының алдын ала жобасын 2013 жылдың наурыз айына дейін дайындауды тапсырды.
«Сізге Ұйымдастыру комитетінің жұмысын қамтамасыз ету, штабтар құру және Тіркеу құжатының жобасын жасауға кірісу керек. Наурыз айында құжаттың алдын ала нұсқасымен танысуымыз қажет»,- деді С.Ахметов вице-премьер Қ.Келімбетовке.
Мемлекеттік комиссияның шешімімен Көрмені ұйымдастыру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітіліп, вице-премьер Қайрат Келімбетов осы комитеттің жетекшісі және үйлестірушісі болып тағайындалғаны белгілі. Экономикалық даму және сауда министрлігі өз кезегінде, Тіркеу құжатының жобасын әзірлеу жөніндегі 2013 жылға арналған іс-шаралардың жоспарын дайындап отыр.
"Ағымдағы жылдың мамыр айында Халықаралық көрмелер бюросының Атқарушы комитетінде Тіркеу құжаты жобасының таныстырылымын өткізу, қазан айында – құжатты қорғап, Бюро тарапынан ресми баға алу жоспарланып отыр", - деп түсіндірді экономикалық даму және сауда министрі Е.Досаев.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу