ҚР Премьер-Министрі спорт және дене шынықтыру істері Агенттігінің жаңа басшысы таныстырды
21 қаңтар, дүйсенбіде, ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР спорт және дене шынықтыру істері Агенттігінің ұжымына ведмоствоның жаңа басшысы Ерлан Қожағапановты таныстырды.
«Өзіңіздің тәжірибеңіз бен қарым-қаблетіңіздің, біліміңіздің арқасында Сіз Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асырасыз деп ойлаймын», - деді С.Ахметов Е.Қожағапановқа қарата айтылған сөзінде.
ҚР Премьер-Министрі сондай-ақ, агенттіктің бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевқа атқарған жұмыстары, Қазақстан спортының дамуына қосқан қомақты үлесі үшін алғысын білдірді.
Мемлекет басшысының Өкімі бойынша Т.Ермегияевтың «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалғаны белгілі.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз