ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Астанадағы мамандандырылған ХҚКО-на барды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Президентінің автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құзырына беру туралы тапсырмасын орындау шеңберінде жақында ашылған, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

ҚР көлік және коммуникация министрі А.Жұмағалиев пен ҚР ішкі істер министрі Қ.Қасымов Үкімет басшысына ХҚКО-ның айрықша міндеттері туралы баяндап, оның негізгі бөлімшелерінің жұмысы туралы айтып берді.

Мамандандырылған ХҚКО кешені жүйесіне ақпараттық орталықтан басқа жеңіл және жүк көліктері агрегаттарын салыстырып тексеруге арналған автодром мен екі ангар кіреді. Кез келген талапкер автодромда теориялық және тәжірибелік тұрғыда жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін тексеріп сынақ тапсыра алады, жүргізуші куәлігі, мемлекеттік нөмір алып және автокөлігін тіркетеді. ХҚКО-дағы орталықтандырудың арқасында қызмет көрсету кешендері мен құжаттарды беру уақыты қысқарған. Егер бұрын автокөлікті тіркеуге 6 сағат жұмсалса, қазір оған барлығы 1 жарым сағат қана кетеді. 

Мамандандырылған ХҚКО ашылғаннан бері 3 жарым мыңнан астам жүргізуші куәлігі беріліп, 17 мыңнан артық автокөлік құралдары тіркелген.

Мамандандырылған ХҚКО сондай-ақ Алматы, Ақтау және Қарағанды қалаларында ашылды. Осы жылдың соңына дейін мұндай орталықты Тараз қаласында да ашу көзделіп отыр.

ХҚКО-да болған Премьер-Министр оның қортындысы бойынша өкілетті органдарға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу