ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Мемлекет басшысының 2013 жылғы 11 қазанда және 2014 жылғы 14 ақпанда өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді.
Атап айтқанда, Президенттің мемлекеттің қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындардың жекеменшік секторға беру үшін тізімін анықтау, Геологиялық барлау жұмыстары бағдарламасын дайындау, «Самұрық-Қазына» АҚ құрамына енетін компаниялардың өндіріспен тікелей айналысатын жұмысшыларының еңбек ақысын көтеру және басқа да тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша мәселелер қаралды.
Сондай-ақ халықаралық «Қазақстан Жібек Жолы» деңгейінде көлік-логистикалық жүйе құру, «Кендірлі» курортын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізу және жаңғыртылған табиғи ресурстарды пайдалану сферасында отандық ғылымды дамытуға қолдау көрсету бойынша тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.
«Тұтастай алғанда, Президент тапсырмаларын орындау жақсы жүріп жатыр. Бірінші басшылар бұл мәселелерді айрықша назарда ұстауы керек. Біз мемлекеттік органдардың есептерін тұрақты түрде тыңдайтын боламыз»,-деп түйіндеді Серік Ахметов.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз