ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ХКБ басшысы Висенте Лоссерталеспен кездесу өткізді
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен ХКБ-ның Астанада ЭКСПО-2017 өткізуге дайындық шеңберінде өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.
Премьер-Министр көрменің алғашқы нысандары құрылысының басталу мерзімі туралы хабарлады.
«Біз Мемлекет басшысына көрменің сәулеттік жобасы Тұжырымдамасын ұсындық. Мамырда ЭКСПО-ның алғашқы нысандарының құрылысы басталады»,-деді С.Ахметов. Премьер-Министр көрмені өткізуді ұйымдастыру үшін барлық шарттардың, оның ішінде құқықтық жағдайлардың жасалғанын атап көрсетті.
«Өткен жылдың аяғында көрменің инфрақұрылымдары мен нысандарын уақытында салу үшін қажетті құқықтық база жасайтын, сондай-ақ ЭКСПО-2017-ні өткізуге қатысты процедуралық және ұйымдастырушылық мәселелерді шешетін заң қабылданды. Бір сөзбен айтқанда шешілмейтін мәселе жоқ»,-деп атап өтті Премьер-Министр.
Өз кезегінде ХКБ басшысы Қазақстанның осы жылғы маусымда көрменің ресми туын алу үшін барлық мүмкіндіктерінің барлығына сенім білдірді.
«Қазақстанның қолына ресми ту маусым айында түседі, содан кейін ЭКСПО-2017-ге қатысушы-елдерді шақыру бойынша бағдарламалар жүзеге асырыла бастайтынына сенімдімін»,-деп сөзін түйіндеді В.Лоссерталес.
ХКБ Бас хатшысы Қазақстанға жұмыс сапармен келді. Сапар барысында ол ЭКСПО-2017-ге дайындық жайымен танысатын болады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз