ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов YPO Kazakhstan өкілдерімен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов YPO Kazakhstan коммерциялық емес ұйымдар өкілдерімен кездесті. Бұл ұйым елдегі ірі бизнесмендердің басын біріктіріп отыр.

Кездесу барысында отандық бизнесті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, YPO Kazakhstan төрағасы Елдар Әбдіразақов басқару машықтарын жетілдіру, инновациялық даму, кадр саясаты, құқықтық жүйе, инфрақұрылымдарды дамыту, бизнесті капиталдандыру мәселелері бойынша бірқатар бастамаларды таныстырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу